АУЫЛ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Әділет» партиясы облыстық филиалы сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Азамат Сафималиев пен штаб мүшесі Азамат Ғұбайдуллин Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылы тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында спикерлер ауылдық аумақтарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру сапасын арттыру және халықты жұмыспен қамту бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жақсарту, электр желілерін жаңарту, жаңа мектеп салу мәселелерінің маңызын атап өтті.
Ал тұрғындар өз кезегінде ауылдың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Соның ішінде кітапхана қызметкерлеріне көмекші маман бөлу, фото-бейнетүсірілім жұмыстарын жүргізетін маман тарту және ауылда жұмыс штабын ашу жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Кездесуде көтерілген мәселелер ауыл тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктері мен елді мекеннің даму бағыттарын айқындайтын маңызды сұрақтар қатарында. Әсіресе, мәдениет саласындағы мамандардың жұмысын қолдау, ауылдағы ақпараттық жұмысты жандандыру және жаңа жұмыс мүмкіндіктерін қарастыру – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ

Кіру



