АЛҒАБАСТЫҚТАР СҰРАНЫСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МІНДЕТТЕРМЕН ҰШТАСТЫ
«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Азамат Сафималиев, Динар Хамиев және Ербол Салықов Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Ашық әрі мазмұнды диалог форматында өткен басқосуда партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңір мен ауылдық елді мекендерді дамытудың басымдықтары талқыланды.
Кездесу барысында штаб өкілі Азамат Сафималиев партия бағдарламасындағы өңірді кешенді дамытуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған міндеттерге кеңінен тоқталды. Тұрғын үймен қамту, әлеуметтік қолдау және инфрақұрылымды жаңғырту сияқты негізгі басымдықтардың ауыл өмірі үшін маңыздылығы атап өтілді.
Өз кезегінде Алғабас ауылының тұрғындары белсенділік танытып, күнделікті тыныс-тіршілікте кездесетін бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, тұрғын үй және әлеуметтік нысандар бағытында баспанамен қамту мәселесі, жергілікті мәдениет үйіндегі кейбір бөлмелерге жылу жүргізу, сондай-ақ бүлдіршіндерге арналған жаңа балабақша салу қажеттігі айтылды. Спорт және демалыс инфрақұрылымы бойынша жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді заманауи спорт кешенін салу, тұрғындардың демалысы үшін саябақ ашу ұсыныстары қозғалды. Абаттандыру мен қауіпсіздік саласында тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында көшелерге жаяу жүргіншілерге арналған тротуар төсеу мәселесі көтерілді.
Штаб өкілдері тұрғындардың әрбір пікірі мен ұсынысын тыңдап, ауылда қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мен инфрақұрылымдық түйткілдерді кезең-кезеңімен шешудің маңыздылығын атап өтті.
Айта кетелік, Алғабас ауылында бұған дейін де әлеуметтік және инфрақұрылымдық сұрақтар бірнеше рет көтерілген болатын. Бұрынғы кездесулерде де тұрғындар спорт кешенін салу, балабақша мәселесін шешу, ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту, электр желілерін жаңғырту және жайылым тапшылығын реттеу жөнінде өз ұсыныстарын білдірген еді. Бұл жағдай елді мекенді дамытуда үстірт шешімдерге емес, кешенді тәсілге басымдық беру керектігін айқын көрсетеді. Яғни, электр желісі мен жолды реттеумен қатар, балалар мен жастарға арналған спорттық, білім беру және мәдени ортаны қатар дамыту — ауыл тұрғындарының басты сұранысы болып отыр. Ал бұл талап-тілектер «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы инфрақұрылымды дамыту мен әлеуметтік қолдау бағыттарымен тікелей сабақтасып жатыр.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

Кіру


