Үш ірі жоба жүзеге асты
Оралдағы инженерлік инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуі үшін жылдар бойы пайдаланылған құбырларды жаңартып, тозығы жеткен желілерді кезең-кезеңімен алмастыру мақсатында тағы да ауқымды жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, «Ұлттық жоба» аясында жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған үш ірі жоба жүзеге асты. Жалпы құны 6,1 млрд теңгені құрайтын жобалар шеңберінде ТМ-6 және ТМ-7 жылу магистральдары, сондай-ақ «Құрылысшы» шағынауданындағы ішкі орамдық жылу желілері жаңартылды.
Жөндеу жұмыстары барысында ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, тозу деңгейі жоғарылаған құбырлар заманауи желілермен алмастырылды. Жалпы, жылу желілерін жаңарту – көзге бірден байқала бермейтін, алайда қала өмірі үшін маңызы зор жұмыстардың бірі. Өйткені инженерлік инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуі тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Биыл жүзеге асқан жобалар Оралдың жылумен жабдықтау жүйесін нығайтуға және алдағы жылдардағы жүктемеге дайындауға бағытталған.
Мақаланың толық нұсқасы «Жайық үнінің» алдағы №48 санында жарияланады.
Н.ҚАЙЫРОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Конституция – кәсіпкерлік еркіндігі мен экономикалық дамудың құқықтық негізі
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі

Кіру