8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қараша 2026 73 0
Энергетика және технологиялар

АЭС құрылысы аяқталғаннан кейін станцияны іске қосу неге ұзақ уақыт алады?

АЭС құрылысының аяқталуы станцияның бірден электр энергиясын өндіруге дайын екенін білдірмейді. Құрылыс және монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін жабдықтар мен қауіпсіздік жүйелері сынақтан өткізіліп, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар станцияны басқаратын мамандардың кәсіби дайындығы тексеріледі.
МАГАТЭ деректеріне сәйкес, алғашқы атом электр станциясын пайдалануға дайындау бастапқы бағдарламаны қарастырудан бастап 10–15 жыл немесе одан да көп уақытты қамтуы мүмкін. Бұл кезеңге құрылыс алаңын зерттеу, жобалау, қаржыландыру, рұқсат алу, жабдықтарды өндіру және жеткізу кіреді.
АЭС салу барысында топырақ құрамы, жер асты сулары, сейсмикалық қауіптер мен табиғи факторлар жан-жақты зерттеледі. Жабдықтардың сапасы мен қауіпсіздігі арнайы бақылаудан өтеді. Құрылыс жұмыстары да белгіленген талаптарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Станцияны іске қосу кезінде барлық жүйелердің өзара үйлесімді жұмысы тексеріліп, сынақтар бірнеше кезеңмен өткізіледі. Ядролық отын тиелгеннен кейін де энергоблок бірден толық қуатқа шықпайды. Оның қауіпсіздігі мен жұмысқа дайындығы толық расталған соң ғана пайдалануға беріледі.
Сондықтан АЭС жобасының сәтті жүзеге асуы тек құрылыс мерзіміне емес, жабдықтардың сапасына, қауіпсіздік талаптарына, мамандардың дайындығына және барлық іске қосу сынақтарының нәтижесіне байланысты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Жолда жүру қағидаларын бұзған
24 Қараша 2026
127 0
Заң және тәртіп
50-ге жуық заңсыз қоқыс орнын анықтады
24 Қараша 2026
127 0
Заң және тәртіп
Заңсыз граффитиге қарсы жұмыс жалғасуда
24 Қараша 2026
126 0
Заң және тәртіп
«Ұрлығы көп» күдікті…
24 Қараша 2026
127 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа автобустар жолға шықты
24 Қараша 2026
131 0
Инфрақұрылым
Үш ірі жоба жүзеге асты
24 Қараша 2026
124 0
Мезгіл мәселесі
Қысқа дайынбыз ба?
24 Қараша 2026
135 0
«Әділет» партиясы
23 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
23 Қараша 2026
169 0
«Әділет» партиясы
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
21 Қараша 2026
263 0
«Әділет» партиясы
АМАНГЕЛДІЛІКТЕР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
20 Қараша 2026
306 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
19 Қараша 2026
340 0
«Әділет» партиясы
АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛА ТҮСУДЕ
19 Қараша 2026
349 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ БОЛАШАҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРАҚТАУЫНДА
18 Қараша 2026
360 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»