КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ: МҮМКІНДІКТЕР МЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бөрлі ауданының Ақсай қаласында «Әділет» партиясы облыстық филиалының сайлауалды штабы өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде штаб өкілдері Азамат Сафималиев пен Ербол Салықов өңір экономикасын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.
Азамат Сафималиев өңірдің экономикалық әлеуетіне тоқталып, тұрақты даму үшін өндіріс орындарын көбейту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашудың маңызын атап өтті.
Ал Ербол Салықов кәсіпкерлерге ұсынылатын қолдау тетіктеріне кеңірек тоқталды. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға және дамытуға беретін мүмкіндіктерін түсіндірді. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше мән берілгенін жеткізді. Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялауға және жаңа бизнес-идеяларға арналған гранттарға 14,6 млрд теңге бағыттау көзделген. Бұған қоса, шағын қалалар мен ауылдарда «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілетін жобалар санын жылына 61-ге дейін жеткізу жоспарланған.
Кездесу барысында кәсіпкерлер инфрақұрылымға қатысты да бірқатар сауалдарын ортаға салды. Мұндай кездесулер өңірдің экономикалық дамуына қатысты нақты қажеттіліктерді айқындап, кәсіпкерлік ортаның ұсыныстарын назарға алуға мүмкіндік береді.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ

Кіру





