50-ге жуық заңсыз қоқыс орнын анықтады
Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Қазір өңір полицейлері сай-салаларды, терең қуыстар мен орман ішіндегі аумақтарды жаяу аралап, әрбір күмәнді тұсты жіті тексеруде. Нәтижесінде облыс аумағында 50-ге жуық стихиялық қоқыс орны анықталды.
Анықталған заңсыз қоқыс орындарының 36-сы бойынша оларды тазарту жұмыстарын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынымхаттар жолданды. Әкімдік пен полиция арасындағы өзара іс-қимылдың нәтижесінде бұл аумақтарға арнайы техникалар тартылып, жиналған қалдықтар шығарылды. Қалған қоқыс орындарын тазарту жұмыстары полиция қызметкерлерінің күшімен жүргізілді. «Орал – Саратов» автожолы бойында қоқыс тастауға арналған арнайы полигон болғанына қарамастан, белгіленген орынға жетпей-ақ жол жиегіндегі сайларға қалдықтар төгілген.
Полицейлер осы аумақты жаяу тексеру барысында алты заңсыз қоқыс орнын тіркеді.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Конституция – кәсіпкерлік еркіндігі мен экономикалық дамудың құқықтық негізі
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі

Кіру