САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ТИЕСІЛІ?
«Маған сақтандыру не үшін қажет, мен не үшін төлем төлеймін, МӘМС не береді?» Азаматтар жиі осындай сұрақтар қояды. Көптеген адамдар МӘМС тізімінде қандай медициналық көмекке сенім арта алатындығын білмейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС-ға не кіретінін және сақтандырылған азаматтардың қандай құқықтары бар екенін айтып берді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында көрсетілетін медициналық көмектің көлемін арттыру үшін МӘМС жүйесі енгізілді. 2022 жылы халыққа медициналық көмекті қаржыландыруға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн, МӘМС бойынша – 838 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақтандырылмаған азаматтарға да көрсетіледі. Оған шұғыл жағдайларда медициналық көмек, учаскелік маманның қабылдауы, шұғыл операциялар, әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу кіреді (толық Тізбемен Қор сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://fms.kz/press-center/press-relizy/34732/).
МӘМС тізбесінде медициналық көмек «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі. Бұл ретте 15 жеңілдік санатындағы 11 млн адамға мемлекет жарна төлейді. Бұл адамдар сақтандырылған және қосымша ақысыз медициналық көмек алу керек.
МӘМС тізіміне мыналар кіреді:
- Амбулаториялық жағдайдағы медициналық көмек (ауруларды диагностикалау және емдеу):
– скринингтік зерттеулер;
– МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың консультациялары;
– ауруларды диагностикалау және емдеу;
– халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысандағы стоматологиялық көмек;
– күндізгі стационар және үйдегі стационар; – рәсімдер мен манипуляциялар;
- Тәулік бойғы стационарда ауруларды емдеу және диагностикалау. Бұл жерде біз барлық аурулар бойынша медициналық көмек туралы айтамыз, соның ішінде қымбат тұратын операциялар, мысалы, кардиологиялық, ортопедиялық, есту органдарына жасалатын операциялар және т.б.
- Диагностика және емдеу хаттамаларында көзделген барлық аурулар бойынша медициналық оңалту;
- Скринингтік зерттеулерді, операцияларды және т. б. жүргізу кезінде биоматериал жіберілетін гистологиялық, цитологиялық және басқа да зерттеулерді қамтитын патологиялық-анатомиялық диагностика;
- транспланттау кезіндегі диагностикалық зерттеулер;
- Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.
«Шұғыл көмек сақтандырылмаған адамдарға да көрсетіледі. Ол ТМККК шеңберінде жүреді. Алайда, медициналық көмек жоспарлы түрде МӘМС-те ұсынылады. Сақтандырылған тұлға мәртебесіне ие бола отырып, пациент медициналық қызметтердің ең көп түріне қол жеткізе алады. Тар бейінді мамандардың қабылдауы, әртүрлі талдаулар, КТ, МРТ, УДЗ, рентген, ЭКГ сияқты қымбат зерттеулер, көптеген аурулардың диагностикасы, оңалту қызметтері, жоспарлы операциялар МӘМС тізбесіне кіреді.
«САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесін алу үшін алдыңғы 12 айға жарналарды төлеу қажет. БЖТ төлеушілерге соңғы айларда, соның ішінде ағымдағы айларда үш реткі уақтылы төлемнің болуы жеткілікті. БЖТ төлеушілер үшін сақтандырылу мәртебесі төленген айдың соңғы күніне дейін әрекет ететіндігін еске салу қажет. Мысалы, егер МӘМС үшін төлем ақпан айында болса, онда 1-наурыздан бастап егер БЖТ кезекті төлемін жасамасаңыз, сақтандырылмайсыз! Егер ағымдағы кезеңде немесе алдын ала төлем болмаса, мәртебе жоғалады және оны қалпына келтіру үшін БЖТ-да үшінші бірізді төлемінің басталуын қайтадан күтуге тура келеді.
Егер сізде сақтандырылған тұлға мәртебесін алуға немесе медициналық көмек алуға қатысты сұрақтар туындаған болса, сіз әрбір медициналық ұйымда бар Пациентті қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Goldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegramдағы SaqtandyryBot.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу