СӘУЛЕНІҢ СӘНДІ СТУДИЯСЫ
Соңғы жылдары бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант» бағдарламасы бойынша өткен жылы Орал қаласында 300 адам қайтарымсыз 500 мың теңгеден несие алса, биыл бұл мүмкіндікке 39 адам ие болып, өз кәсібін бастағалы отыр. Солардың бірі – аталмыш бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант иегері Сәуле Арыстек өз ісін бастап, сұлулық салонын ашты.

Өткен жылдың желтоқсан айында ашылу салтанатын жасаған сән салоны бүгінгі күннің өзінде қызметін тұрақты пайдаланушылар аудиториясын жинап үлгерген. Сәуленің мамандығы – жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетінің түлегі. Аталмыш оқу орнын өткен жылы «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша қызыл дипломға тәмамдаған. Әйтсе де дипломын жылы жауып қойып, жеке кәсіпке бет бұрады.
– Бірінші курста оқып жүргенімде анам тырнақ әрлеуші болып қосымша табыс табуды ұсынды. Содан қазіргі қоғамға аса қажет «Тырнақ әрлеу шебері» базалық курсынан өттім. Ата-анама күш түсірмей өз еңбегіммен ақша табу үшін бір жыл сән салонында жұмыс жасадым. Уақыт өткен сайын қызығушылығым артып, деңгейлік курстардан өте бастадым. Сөйтіп осы салаға әбден төселдім, – деген кейіпкеріміз үш-төрт жылда біраз тәжірибе жинайды. Кейін «Бастау» бизнес-жобасы туралы естіп, өз кәсібін ашу туралы ойланады. Кәсіп ашып, елден ерекше қызмет көрсететін сұлулық салоны болғанын армандады. Асқақ арманы алдамады. Кейін «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша бір айлық курста оқиды…
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 18 маусымдағы №23 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу