«СӘКЕН ОҚУЛАРЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында ақиық ақын, мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі аты аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің 125-жылдығына арналған «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты қалалық Сәкен оқулары өтті.

Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетінде қалдырған мол мұрасы мен өмірін кеңінен насихаттау, ұлы тұлғаның шығармалары арқылы жастардың көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіруді көздеген байқауға 5-11 сынып аралығындағы оқырмандар қатысты. Айтыскер ақындар Шолпан Қыдырниязова, Назгүл Кәрімова, ақын Талап Таймасұлы бастаған кәсіби мамандар сайыскерлердің өнеріне шынайы баға берді.
Байқау нәтижесінде Сәкен шығармаларынан үзінді жатқа мәнерлеп оқу және Сәкен рухына арнап шығарған жеке өлеңдерін мәнерлеп оқудан №27 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Айбарыс Миразат бірінші орын алса, А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектептің 5-сынып оқушысы Айнара Аманбай екінші орынды иеленді. Ал №12 орта мектептің 9-сынып оқушысы Айкөркем Сариева үшінші орын алды. Жарыстың екінші кезеңінде дауылпаз ақын туралы жазылған белгілі қаламгерлердің арнау шығармаларынан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқудан №44 мектептің 11-сынып оқушысы Аңсағаным Сәлімжан бірінші орын алса, А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектептің 7-сынып оқушысы Алмаз Ғарифуллин екінші орын алды. №47 мектептің 10 сынып оқушысы Исатай Қайролла ІІІ-орыннан көрінді. Сәкен әндерін орындаудан №34 мектеп оқушылары Назерке Мейрам мен Ранида Жолдығалиева жүзден жүйрік шықса, А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектептің 5-сынып оқушысы Баянсұлу Досмырза екінші, «Әйгерім» балалар аула клубының тәрбиеленушісі Ақнұр Садық үшінші орындарды бөлісті. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қалалық Сәкен оқуларының жүлдегерлері іріктеліп, облыстық байқауға жолдама алады.
Өз тілшіміз

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу