8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2021 1490 0
Өзек

СӘБИІН ДӘРЕТХАНАҒА ТАСТАҒАН БОЙЖЕТКЕНГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап, одан құтылмақ болған бойжеткенге бүгін сот үкім кесті. Оны екі жылға бас бостандығынан шектеді.


19 жастағы студент ата-анасынан қорыққан соң, осындай қадамға барған көрінеді. Ол сотта кінәсін толық мойындаған. Пакетке оралған шақалақтың ауа жетпей, тұншығып өлгенін сот дәрігерлік сараптама арқылы анықтаған. БҚО сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаеваның айтуынша, сот үкімімен азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруІ» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныған.

– Бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатады. Сот сотталушыны айыпты деп танып, сотталушыға екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады,– деді БҚО сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Жаға ұстатарлық бұл оқиға Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында былтыр қарашада болған. Сот материалдарынан белгілі болғандай, бойжеткен 8 айлық сәбиін үйінде босанып қалған. Әке-шешесі жоқта шаранадан құтылуға асыққан ол ұлын пакетке орап, дәретханаға тастапты. Кейін ізін жасыру үшін үйін қаннан тазартқан. Кінәсін толық мойындаған сотталушы, ата-анасынан қорыққанын, әрі жігіті баладан бас тартқан соң осындай қадамға барғанын айтыпты.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»