С.АБУЛҒАЗИЕВА: «ӘР АДАМ ӨЗІН ІЗДЕГЕНДЕ, ҚАЗАҚ ҚАЗАҚТЫ ІЗДЕГЕНДЕ АБАЙДАН БАСТАУЫ КЕРЕК»

Абай қазақты әлемге танытқан тұлға. Оған құрметті бір күнмен, бір жылмен шектеу мүмкін емес. Ол – біздің мақтанышымыз. Абайдың әр қарасөзі, өлеңінде бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер көтерілген. Келешек ұрпаққа Абайды танытуда Абай күнінің бекітілуінің маңызы зор. Себебі Абай арқылы қазақты зерттеуге болады деп ойлаймын. Абайдың шығармашылығына бойлау, Абаймен танысу әр адамның өз менін ашуына, өзінің тұлға болып қалыптасуына, жақсы мен жаманды ажыратуға септігін тигізері анық. Абайдың әр ой түйінін әр қазақ санасына сіңіре білсе, жемқорлық, суицид, азғындық, педофилизм сынды небір келеңсіз оқиғалардан тыйылар едік. Өйткені адам рухани байыған сайын биікке көтеріледі. Сол себепті әр адам өзін іздегенде, қазақ қазақты іздегенде бірінші Абайдан бастауы керек.
Челленджге қатысу кезінде мен «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін оқып, облыстық «Орал өңірі» газетінің редакторы Бауыржан Ғұбайдуллинге және жерлесіміз М.Әуезов театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері Назгүл Қарабалинаға жолдадым. Бүгінгі жас әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары. Әрі олар белгілі тұлғалардың парақшаларына жиі үңілетіні таңсық емес. Сол себепті әлеуметтік желі арқылы Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра беруіміз керек.
Салтанат АБУЛҒАЗИЕВА,
Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу