ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛҒАН ҮЙЛЕРГЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН
Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің мүліктік қылмыстарды ашу тобы 19 эпизодтан тұратын ұрлық фактілерін ашты. «Қаңтар айынан басталып, наурыз айының соңғы күніне дейін бұл қылмыс жалғасып, жедел-іздестіру іс- шаралары барысында ашылды» дейді КПб жедел уәкілдері.

Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ құрамындағы 3 жігіт қала ішіндегі құрылысы басталып, салынып жатқан үйлердің бірінші қабатындағы пластик терезелерді ішке қарай итеріп ашып, үй ішіндегі құрылысқа қажетті құралдарды ұрлаған екен. Мысалы, дәнекерлеу аппараты, жар тесетін бұрғылар, жылыту батареялары, электор қаңылтыр кескіштер, теледидарлар, т.б. Үшеуі қылмыстық ойларын көз байланатын түнде ғана жүзеге асырған.
Топ құрамындағы 1992, 1994, 1999 жылғы үш жігіт Орал қаласының тұрғындары, бұған дейін де түрлі қылмыстық істермен есепке алынған көрінеді.
Бүгінгі күні Орал қ.ПБ тергеу бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188- бабының 3-бөліміне сай 19 эпизодпен қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілердің жасырып келген айғақ заттары тәркіленді. Қылмыстарын толықтай мойындап отыр. Заттардың көпшілігі өз иелеріне қайтарылып, жеке мүліктерін таныған қала тұрғындары құрылыс саймандарын алып кетуде.
Бірнеше қала тұрғынын әбігерге салып, заттарын ұрлаған қылмыстық топ жедел уәкілдердің тыным таппай іздеуі, із кесуі нәтижесінде ашылды. Алдағы күндері бұл күдіктілердің заң алдында жазасы тағайындалады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу