8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Тамыз 2026 88 0
Құттықтаймыз!

Құрылыс саласының үздіктері марапатталды

Батыс Қазақстан облысында Құрылысшы күніне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді. Мерекелік жиын «Атамекен» өнер ордасында ұйымдастырылып, құрылыс саласының ардагерлері, мамандары мен кәсіпорын өкілдері бас қосты.

Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй өңірдегі құрылыс саласының бүгінгі жетістіктеріне тоқталып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан заңнамалық өзгерістер құрылыс қарқынын арттыруға және саланың дамуына жаңа серпін бергенін атап өтті.

Өңірде соңғы жылдары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, кейінгі үш жылда 138 млрд теңгеге 121 әлеуметтік нысан салынып, ел игілігіне берілген. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты 52, білім беру бағытында 30, мәдениет саласында 15 және спорт бойынша 24 нысан бар.

Инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары теміржол нысандарын да қамтыды. Екі вокзал жаңғыртылса, тағы екі теміржол вокзалы толық бұзылып, орнына жаңа ғимараттар салынды.

Құрылыс көлемі бойынша да оң динамика байқалады. 2026 жылдың алғашқы алты айында облыста орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 143,6 млрд теңгеге жетіп, 117,1 пайызды құрады.

Мерекелік шарада салаға еңбегі сіңген бірқатар азамат марапат төрінен көрінді. Жасқайрат Төлеуғалиев пен Владимир Есеновке «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Ернияз Үдіреев, Серік Есенов, Вадим Кожевников және Замир Сәрсенбаев «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар бір топ сала өкіліне ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Құрмет грамотасы мен облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Алғыс хаты табыс етілді.

Жиын соңында құрылыс саласындағы жетістіктер қорытындыланып, бірқатар компания 8 аталым бойынша марапатталды. Салтанатты кеш өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Тазалықтан тәртіп басталады
08 Тамыз 2026
90 0
Экономика
Жеңілдетілген несиеге жол ашылды
08 Тамыз 2026
94 0
Заң және тәртіп
Тәртіп пен талап тоғысқан алаң
08 Тамыз 2026
93 0
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
166 0
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
189 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»