Ақжайық шағын ауданы қарқынды дамып келеді
Орал қаласындағы Ақжайық шағын ауданын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Жаңа тұрғын үйлерді салумен қатар, инженерлік желілерді тарту және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық берілуде.
Мемлекеттік қаржы есебінен мұнда 4 800-ден астам пәтерді қамтитын 25 көпқабатты тұрғын үй тұрғызу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 800 пәтерлік 9 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде өткен жылы 390 пәтер, ал биылғы мамыр-маусым айларында 230 отбасы жаңа қонысқа ие болды.
Жыл соңына дейін тағы екі тұрғын үйді ел игілігіне беру көзделген. Сонымен бірге басқа да көпқабатты үйлердің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр.
Шағын ауданда тұрғын үйлермен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым да дамытылуда. Атап айтқанда, сумен жабдықтау жүйелері жаңартылып, көтергіш сорғы станциялары, инженерлік желілер мен ішкі кварталдық жолдар салынуда. Сонымен қатар аумақты абаттандыру жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Алдағы уақытта білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу, қоғамдық кеңістіктерді көбейту, сондай-ақ тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жобалар іске асырылады.
Ақжайық шағын ауданын кешенді дамыту тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, Орал қаласының заманауи әрі тұрақты дамуына негіз болатын маңызды жобалардың бірі саналады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді
Елге қызмет еткен тұлғаға құрмет: Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығы аталып өтті
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті

Кіру

