8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Тамыз 2026 297 0
Заң және тәртіп

Тазалықтан тәртіп басталады

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны абаттандыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Кезекті тазалық шарасын облыстық Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына қарасты Табиғатты қорғау полиция бөлімшесінің қызметкерлері Экология департаменті және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының мамандарымен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Жұмыс барысында кәсіпкерлік нысандары орналасқан аумақтар, көпқабатты үйлердің аулалары мен ел көп жиналатын қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар тұрғындарға табиғи ортаны ластамау, тазалық талаптарын сақтау және айналаны күтіп ұстаудың маңызы түсіндірілді.

Назардан базар маңы да тыс қалған жоқ. Бұған дейін рұқсатсыз сауда жасаған бірқатар азамат қазір арнайы сауда орындарын жалға алып, кәсіпкерлік қызметін белгіленген тәртіппен жүзеге асыруда. Бұл өз кезегінде сауда орындарындағы тәртіп пен тазалықты сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Шараға қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап, табиғатты қорғау бағытында тұрақты іс-шаралар ұйымдастырып жүрген полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Қоршаған ортаны таза ұстау – тек арнайы қызметтердің емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Тазалықты сақтау арқылы табиғи ортаны қорғап қана қоймай, келешек ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға үлес қосамыз.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»