8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Тамыз 2026 49 0
Құрылтай-2026

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына қатысты ақпаратты қайдан алады — сауалнама нәтижелері

Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтік зерттеу қазақстандықтардың Құрылтай сайлауы қарсаңында партиялардың сайлауалды бағдарламалары туралы мәліметтерді қандай дереккөздерден алатынын көрсетті. 


Институттың әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның айтуынша, қазақстандықтар сайлау науқаны туралы ақпаратты негізінен мынадай дереккөздерден алады:
• Телеарналар — 51,6%;
• Instagram — 44,5%;
• Ақпараттық интернет-порталдары — 32,5%;
• Отбасы және туыстарымен әңгімелесу барысында — 27,4%;
• TikTok — 23,8%;
• Жұмыс орнында — 22,5%;
• Достармен әңгіме-дүкен — 21,7%.
Институт өкілдерінің түсіндіруінше, сауалнамаға қатысқандарға бірнеше жауап нұсқасын қатар таңдауға рұқсат етілген. Сондықтан көрсеткіштердің жалпы жиынтығы 100%-дан асады.
Бұл нәтижелер саяси контентті бұқара, ең алдымен, телеарналардан көретінін білдіреді. Ал әлеуметтік желілер арасында Instagram мен TikTok ең танымал платформалар болып отыр. Сонымен қатар, азаматтар сайлауға қатысты ақпаратты күнделікті араласатын ортасымен талқылап, сол арқылы да мәлімет алатыны белгілі болды, — деді Гүлден Емішева.
Айта кетейік, зерттеу 2026 жылғы 16-26 шілде аралығында face-to-face (бетпе-бет) сұхбат әдісімен жүргізілді. Сауалнамаға 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 4000 респондент қатысты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Тазалықтан тәртіп басталады
08 Тамыз 2026
90 0
Экономика
Жеңілдетілген несиеге жол ашылды
08 Тамыз 2026
94 0
Заң және тәртіп
Тәртіп пен талап тоғысқан алаң
08 Тамыз 2026
93 0
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
166 0
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
189 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»