8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2026 1020 0
Спорт

Азия чемпионына құрмет көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов семсерлесуден Азия чемпионы атанған Ирина Бакалдинамен кездесті.

Кездесу барысында басқарма басшысы спортшыны халықаралық додадағы табысты өнерімен құттықтап, оның жеңісі өңір спортының дамуына серпін беретін маңызды жетістік екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта да спортшыға қажетті қолдау көрсетілетінін айтып, жауапты халықаралық жарыстарда, оның ішінде Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетуіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Ирина Бакалдина өзіне көрсетілген сенім мен қолдау үшін ризашылығын жеткізді. Ол алдағы жарыстарда да бар күш-жігерін салып, Қазақстанның намысын халықаралық аренада лайықты қорғауға дайын екенін айтты.

Жиын соңында тараптар өңірде семсерлесу спортын дамытуға бағытталған бастамалар мен болашақ жоспарларды талқылап, халықаралық деңгейдегі нәтижелерді арттыруға қатысты пікір алмасты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
247 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
286 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
323 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
522 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»