Тәртіп пен талап тоғысқан алаң
Орал қаласында қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға, заң талаптарын сақтау қағидатын кеңінен насихаттауға бағытталған спорттық-құқықтық форум ұйымдастырылды. Шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған жобалық кеңсенің бастамасымен өтті.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, мемлекеттік және азаматтық қызмет өкілдері мен жастар қатысты. Ашық алаңда өткен басқосуда жаңа Конституцияның негізгі ұстанымдары, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары сөз болып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызына назар аударылды.
Өңір басшысының орынбасары Қайыржан Ермекұлы өз сөзінде заң талаптарын құрметтеу мен құқықтық сауаттылықты арттыру қоғам тұрақтылығының маңызды негіздерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституцияның елдің құқықтық жүйесін дамытудағы орнына тоқталып, қатысушыларды спортпен тұрақты айналысуға шақырды.
Форум барысында қатысушылар «Конституция – 2026» композициясын жасап, Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар өндірістік гимнастикаға арналған бейнематериал көрсетіліп, көпшілікпен бірге сергіту жаттығулары өткізілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті

Кіру
