8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Тамыз 2026 56 0
Өңір жаңалықтары

Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша Департаменті БҚО Білім басқармасы мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелерін Әдеп жөніндегі кеңес отырысында таныстырылды.

Сыртқы талдау барысында Білім басқармасы және оған қарасты 54 ұйымның қызметі зерделеніп, 2023-2025 жылдар және 2026 жылдың өткен кезеңі қамтылды.
Зерттеу нәтижесінде білім беру саласындағы басқару процестерін жетілдіруді, ішкі бақылау тетіктерін күшейтуді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды талап ететін бірқатар бағыттар айқындалды.
Атап айтқанда, кадрлық саясат, ақпараттық жүйелердің тиімділігі, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, қаржылық басқару, мемлекеттік сатып алу және инфрақұрылым мәселелері бойынша талдау жүргізілді.
Кадрлық бағыт бойынша мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және кадрлық процестерді жетілдіруге қатысты бірқатар мәселелер зерделенді. Атап айтқанда, әкімшілік ғимаратты пайдалану, кадр тұрақтылығы, бос басшылық лауазымдарды толықтыру және білім беру ұйымдарындағы басқарушылық құрамды қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардағы басшы лауазымдарын уақтылы толықтыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігі қаралды.
Сондай-ақ, бос лауазымдарды іріктеу және орналастыру рәсімдеріне талдау жүргізіліп, жекелеген жағдайларда конкурстық рәсімдердің талаптарын жетілдіру қажеттілігі анықталды. Конкурс комиссияларының қызметіндегі тәуекелдер бойынша тиісті шаралар қабылданып, заң талаптарына сәйкес шешімдер қайта қаралды.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану бағытында NOBD, Balabaqsha SmartNation және BilimClass жүйелерінің мемлекеттік деректер қорларымен өзара ықпалдастығын жетілдіру, бақылау және аудит тетіктерін күшейту қажеттілігі белгіленді. Сонымен қатар білім алушылар туралы мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру барысында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескеру, кадр даярлау тиімділігін арттыру және бюджет қаражатын жоспарлау сапасын жақсарту бағыттары зерделенді.
Инфрақұрылым саласында лицензиялық талаптардың сақталуы, білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар бірінші басшыларды ротациялау талаптарын сақтау бағытында талдау жүргізілді.
Қаржылық басқару саласында бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану, бухгалтерлік есеп жүргізу, ішкі бақылау рәсімдерін жетілдіру мәселелері зерделенді.
Оқушыларды тасымалдау және мемлекеттік сатып алу бағыттары бойынша да бірқатар ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, жеткізушілердің талаптарға сәйкестігін бақылау, маршруттарды жоспарлау және сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жоспары бекітіліп, ақпараттық жүйелерді жетілдіру, кадрлық және қаржылық процестерді цифрландыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және ішкі бақылау жүйесін күшейту бойынша ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі барысында Бөкей ордасы аудандық білім бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының сақталуына қатысты мәселе анықталды. Атап айтқанда, бөлім басшысының тікелей бағынысында жақын туысының еңбек қызметін жалғастыру фактісі зерделенді.
Аталған жағдай бойынша Департамент тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.
Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралған мәселелер білім беру саласындағы басқару сапасын арттыруға, мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық пен жауапкершілікті нығайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
77 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»