ҰРЛЫҚШЫЛАРДЫҢ АЙЛАСЫ
Осыдан бір күн бұрын Орал қ.ПБ КПб жедел уәкілдері 2020 жылғы сәуір мен май айлары ішінде ұрлыққа жол берген, құрамында екі жігіттен құрылған қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер екі ай бойы қала ішіндегі гараждардың есіктері күштегенде сынбаса, тепкенде құлыптары бұзылмаса, қабырға тастарын сындырып ішке кірген. Сондай-ақ гараждың астынан кіру үшін іргесін тереңдетіп қазған. Осылайша, бірнеше гаражға ұрлыққа түсіп, гараж ішіндегі жеке мүліктерді ұрлап, өз мекен-жайларына жеткізіп отырған.

Мысалы, 4 сәуірдегі кешкі сағат 18.00 ден 10 сәуірдегі кешкі сағат 18.30 аралығында кезектесіп, гараждың іргесін қазып, бір кісі сиятындай ойық қазған. Сол ойық арқылы «Производственная» көшесіндегі бір үй ауласындағы металл гаражға кірген. Гараж ішіндегі 4 дана қысқы резеңке дөңгелектерді, 4 дана жазғы резеңке дөңгелектерді, көк түсті корпусы бар аккумулятор, 5 литрлік пластик құтыға құйылған 100 дана сұйықтық құралын ұрлаған.
Жеке заттарының ұрланғанын айтып, «102»- ге телефон соққан 1996 жылғы А. есімді азаматқа 172 мың теңге материалдық залал келді. Оқиға орнына барған Орал қ.ПБ- ның жедел-тергеу тобы аяқ киім іздерін, дөңгелек іздерін және киімнің іздерін алып қайтты. Көп кешікпей КПб жедел уәкілдері гараждар мен мекемелерге ұрлыққа түскен осы екі жігітті ұстады. Полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрамында болған күдіктілер туралы толық мәліметтер жинап, бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын анықтады.
Бүгінгі күні басқарманың тергеу бөлімінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөліміне сай 3 эпизодпен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұлардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. .
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу