ҚҰРБАН АЙТ КҮНДЕРІ БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Құрбан айт мерекесі күндері Орал қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы 28 шілде күні Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №66 қаулысы шықты.

Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Танауов Мәдениет Рашидұлының қаулысында көрсетілгендей, 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Құрбан айт мерекесін тойлау кезіндеменшік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік иеліктерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге, Орал қаласы әкімдігі белгілеген орындардан басқа, Орал қаласының аумағында автокөліктерден малды сату және малды союды ұйымдастыруға, өткізуге, Орал қаласы бас имамымен белгіленген онлайн құрбан шалу цехтарының жұмысынан басқа, малды сою цехтарының жұмысына тыйым салынады.
29 шілде мен 2 тамыз аралығында Орал қаласының ветеринариялық инспекциясы Орал қаласының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейтіп, мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері басшыларының қаулының тармақтарын орындауын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Онлайн режимінде мал союмен айналысатын меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері тез бұзылатын өнімдерді (ет өлген жануарларды) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі. мал союды ветеринариялық сертификат болған жағдайда және жабық режимде келушілерсіз жүргізуі, респираторлық ауру белгілері бар персоналды мал союға жібермеуі, мал сою цехтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз етуі, дезинфекциялау және жуу құралдары, маскалар, қолғаптар сонымен қатар антисептиктер қорының болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Айта кетейік, мал сою цехтарына бөгде адамдар жіберілмейді. Құрбан шалу (құрбандық) онлайн режимінде рұқсат етіледі және Qurban2020.kz арқылы өтінім беруге болады. «Құрбан айт » мерекесін ұйымдастыру мәселесін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырылған.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу