8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2023 1865 0
Қоғам

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккендер жауапкершілікке тартылады


БҚО ПД ЖПҚБ Табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлерімен, учаскелік полиция инспекторларымен және мемлекеттік уәкілетті органдармен қалалар мен елді мекендердің айналасында рұқсат етілмеген қоқыс төгетін жерлерге жол бермеу, оның ішінде қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 айы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) 4 438 ден астам тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, шілде, тамыз, қыркүйек айларында ПД Табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Орал қаласындағы орталық көшелеріндегі, атап айтқанда Самар, Құрманғазы, Нұрпейсова көшелеріндегі тазалықтың сақталуын қадағалау үшін рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тексеру кезінде орталық базар аумағындағы қоқыс контейнерлерін орталық базар саудагерлері бұзылған жеміс-жидектерін, балық қалдықтарын, иістенген балық өнімдерін, бос қораптарды және басқа да үлкен заттарды жеке тұрғындарға арналған контейнерлеріне арбаға тиеп әкеліп, контейнерлердің жанына шашып лақтырып кететіндігі анықталып, 79 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
412 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»