8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2020 1439 0
Қоғам

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ КӨМЕГІ (ВИДЕО)

Адамзат баласының жақсылыққа жаны жадырап қуанады, қысылғанда қолтығынан демеген жандардың қайырымдылықтарын ұмытпайды, жанынан шығармайды. 

Бүгін, 23 сәуірде Орал қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі жеке құрамының бастамасымен дәл осындай ізгі шара жүзеге асты. Жандары жомарт, қолы ашық КПб жедел уәкілдері өз күштерімен көп балалы отбасыларының үйлеріне барып, қайырымдылық көрсетті. Шиеттей бала-шағасы бар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына азық- түліктер мен балғындарға тәттілер апарып берді. Отбасылардың бірі балаларымен қуықтай үйді паналаса, келесі отбасы 8 баласымен бір бөлмелі пәтерді жалға алып, қоңыр төбел тірлік кешуде.

Отбасындағы балалар мен аналары бұндай ізгілікке қуанып, жомарт жандардың қамқорлықтарына алғыстарын айтты. Тынымсыз қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.

 

Орал қаласы Полиция басқармасы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
215 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»