8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қыркүйек 2021 1892 0
Қоғам

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУДА

1 қыркүйек күні Орал қаласы мен облыс аумағындағы 319 мектепке полиция қызметкерлері кезекшілікке қойылды. Бұл туралы БҚО Полиция департаменті хабарлады.

Жаңа оқу жылының басталуына орай БҚО полицейлері қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті. Ең бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігі мен жүріп-тұруы қатаң бақылауға алынды. Алғашқы білім күніне орай полиция қызметкерлері барлық мектептерде ата-аналар мен балалар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.

Өңірде басталған “Абайлаңыз, балалар!” жедел алдын алу іс-шарасының дайындық кезеңі аяқталды. Шара барысында білім беру мекемелерінде тексеру жұмыстары жүргізілген. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға 86 жазбаша нұсқама жолданды. Облыс бойынша 82 мектепке дабыл түймелері орнатылып, 11 мектепке мамандандырылған күзет агенттіктерімен қамтамасыз ету шарттары жасалған. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелері орналасқан 391 көше тексерілген. 146 учаскедегі жаяу жүргіншілер өткеліне жол белгілері қойылып, 97 жол белгісі ауыстырылып, 35 жасанды тежегіш кедір-бұдырлар орнатылды.

Биыл жеті айдың қортындысы бойынша облыс аумағында балалардың қатысуымен 33 жол-көлік апаты орын алған. Оның салдарынан 47 бала түрлі жарақат алып, үш бала көз жұмды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
189 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»