«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» – АНТИКОРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы салтанатты түрде таныстырылды.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, мәдениет және спорт Министрі Ақтоты Райымқұлова, профессор, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбыраев, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Баянғали Әлімжанов, Көпен Әмірбек, Ерік Жолжақсынов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Астаналық филиалының директоры Дәулеткерей Қапұлы және т.б. қатысты.
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.
Өткен жылдың тамыз айында Антикор Ұлттық академиялық кітапхана базасында ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер ашты, онда олар адалдық, әділеттілік және парасаттылық қағидаттарын ілгерілетудің маңыздылығы туралы айтты. Халық арасында кеңінен таралған мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық бастамалардың өзіндік «фабрикасы», жастардың белгілі ақындармен, жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесу орнына айналды.
Парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңыздылығын ескере отырып, кітапханалар базасында «Парасат жолы» филиалдарын жаппай ашып, елордалық тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне тарату туралы шешім қабылданды. «Парасат жолы» жобасының республикалық орталығын жазушы, қоғам қайраткері, елордалық ақпараттық – насихаттау штабының жетекшісі Сәдібек Түгел басқарғанын айта кету керек.
Кездесуге қатысқан ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері бүгінде ашық орталықтар ел игілігі үшін игі идеялар мен бастамалардың тартылыс нүктелеріне айналатынына зор үміт білдірді.
Іс-шара барысында Алик Шпекбаев пен Ақтоты Райымқұлова екі ведомство арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бойынша жедел өзара іс-қимыл жасау үшін өз әлеуетін біріктіруге ниетті.
Бұл жұмысқа ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тәрбиелік және волонтерлік жобаларға қатысатын кітапхана қызметкерлері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, теологтар, дін өкілдері мен танымал тұлғалар тартылатын болады.
Өзара түсіністік, құрмет пен сенім – «Парасат жолы» жобасының үш тірегі.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу