8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2021 1231 0
Қоғам

Пандемиядан кейін ЖЕТІ ЖЫЛДАН СОҢ ЕС ЖИЯМЫЗ

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев пандемиядан кейін қалыпты өмірге оралу жеті жылдан кейін болады деп есептейді. Оның айтуынша, вакцинаны өндіру және тарату біркелкі жүрмей жатыр. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының сюжетінде айтылды

Бүгінде вакцинациялау қарқыны бойынша жетекші ел Израиль болып тұр, онда халықтың шамамен 40 пайызы вакцина салдырды. Келесі — Ұлыбритания. Үшінші орында — АҚШ.

Дамушы елдердің көбі әлі вакцинациялауға кіріскен жоқ, деп атап өтті Досаев. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 13 мыңнан аса адам вакцина салдырды.

«Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, вакцинацияның қазіргі қарқынымен әлем халқының 75 пайызын қамту және қалыпты өмірге қайтару үшін жеті жылдан аса уақыт қажет болады. Жаһандық қор нарықтары қаңтарда пандемияның қайта өршуі мен вакцина таратылуының кешігуіне байланысты экономика баяулауы мүмкін деген қорқынышпен төмендеді», — деп мәлімдеді Досаев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»