ОТБАСЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚТЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Тату отбасы» атты жеті апталық курс өтуде.

Бірікккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған курс барысындағы арнайы тапсырмалар ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, өзара түсіністікті қалыптастыру, отбасында жақсы қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
Арнайы оқудан өткен мектеп психологтары түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы түйткілді мәселелерді анықтап, оны шешу жолдарын үйретуде.
– Курсқа бір сыныптан он оқушы, он ата-ана қатысуда. Олар жеті апта бойы түрлі тапсырмаларды орындайды. Менің байқауымша, курстың басында көптеген ата-ана тапсырмаларды орындау барысында өздері шешім қабылдауға тырысатын. Ал қазір олар баласына жеке тұлға ретінде қарай бастады. Оларға өздігінен шешім қабылдауға, ойын ашық айтуға мүмкіндік береді. Нәтиже қуантады, – дейді мектептің психолог-педагогы Ақтоты Қазбекова.
Ата-ана Дәмеш Бекталиева қазіргі заманда баланың тәрбиесі, жанының тыныштығы әр ата-ананы алаңдататынын, осы орайда курсқа тап болғанына шын қуанышты екенін жеткізді.
– Бұрын ескермей жүрген дүниелерді байқап жатырмыз. Біз қазір үйге барған бойда курста оқыған дүниелерді талдаймыз, тапсырмаларды бірге орындаймыз. Осылайша отбасымыздың құндылығын қалыптастырудамыз. Балаларға өте қызықты. Сондықтан нәтиже де оң болады деп ойлаймын, – дейді Д.Бекталиева.



Айта кетейік, қатысушылар әр жұма сайын бас қосып, тату отбасын құрудың негіздерін меңгереді.
Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу