ҚОШ БОЛ, ҚОҢЫРША АПА!

Осы аптада Ақ Жайықтағы аяулы жандардың бірі, қоғамның белсенді мүшесі, сүйікті жар, асыл ана, тамаша әже бола білген Қоңырша Мырзағарина дүниеден озды. Ол – Құсайыновтар әулетінің шамын жарқырата жаққан, айналасына шуағын шашқан мейірімді, ақылды, мәдениетті жан болатын.
Қоңырша Нұрханқызы 1946 жылдың 3 наурызында дүниеге келді. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Алматыдағы жоғары партия мектебін тәмамдап, мектепте мұғалім, Қаратөбе аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, мектеп бөлімінің меңгерушісі, екінші хатшысы қызметтерін атқарды. Қаратөбе ауданы кәсіподақтар комитетінің төрайымы, аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің үгіт-насихат, ғылым бөлімінің нұсқаушысы, Теректі ауданы партия комитетінің екінші хатшысы лауазымдарына дейін көтерілді.
Қаратөбе ауданында жұмыс жасай жүріп, белсенді ұйымдастырушы, көркемөнерпаздар ұйымының мүшесі болған Қоңырша Нұрханқызы «Балауса» ансамблін өз күшімен құрды. Көркемөнерпаздар байқауларының бел ортасынан табылды. Өзі де келбетті, тамылжыта ән салатын, думан-тойдың сәні еді. Сондықтан шығар, Қоңырша ханым жүрген ортасын толтырып, өнер мен мәдениеттің жанашыры, ұйытқысы бола білді. Қазақ КСР мемлекеттік телерадио мен ЛКСМ орталық комитеті ұйымдастырған байқауларға да катысып, жүлделі орынды иемденді. Бірнеше жыл облыстық кітап сату саласына жетекшілік етті. Кітаптар дүкені желісі мен дүңгіршектерді көбейтті. Кітап жәрмеңкесін ұйымдастырды. Білім бұлағын әр ұжымға, әр отбасына жеткізуге тырысты. Облыстық кітапқұмарлар қоғамының мүшесі болып, жаңа баспаларды насихаттады. Өлкемізден шыққан С.Сейітов, Қ.Мырзалиев, Ж.Молдағалиевтай айтулы ақындармен кездесулер ұйымдастырды. Кеңес дәуірінде дүниеге келіп, өз заманының ағысынан қалмай өмір сүре білген Қ.Мырзағарина аудандық партия комитеттеріне мүшелікке, халық депутаттары аудандық кеңесі депутаттығына сайланды. Екі медальмен, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» және ВЛКСМ Орталық комитетінің төсбелгісімен қоса, комсомол ұйымдарының көптеген марапаттарын иеленді.
Қоңырша апамыздың адами болмысы, өткен өмір жолы ағайын-туыстары мен дос-жарандары үшін үлкен мақтаныш еді. Кейінгі толқын ұрпақтарына да берері ұлағаты көп еді. Сұм ажал, жақсы жанды арамыздан о дүниеге ерте алып кетті. «Жазмыштан озмыш» бар ма?
Қоңырша Нұрханқызының дүние салуына байланысты отағасы, белгілі журналист, ел азаматы Темір Құсайынға және өмірінің қуанышына айналған ұлы Қуаныштың жанұясына, ағайын-туыс, бауырларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы мамық болсын!
«Жайық үні» ЖШС газеті редакциясының ұжымы
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу