Қос дипломды білім берудің даму перспективалары
Бүгін М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Қосдипломды білім беру: Н.Г.Чернышевский атындағы СМУ және М. Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы ынтымақтастық жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтуде. Дөңгелек үстелді университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., Ә.С.Тасмағамбетов ашып, екіжақты бірлескен жоба жұмысына сәттілік тіледі.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ интернационалдандыру орталығының жетекшісі, PhD В.С. Зубков Н.Г. Чернышевский атындағы СМУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы Болон процесі талаптарының шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі қорытындылары мен өзекті мәселелері бағытында, қос дипломды білім беру бөлімінің жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ғ.С. Ғұмаров Н.Г. Чернышевский атындағы СМУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы қос дипломды білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен даму перспективалары бағытында, педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., Ш.Т. Габдрахманова екі жоғары оқу арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беру саласындағы ынтымақтастықтың даму бағыттары тақырыбында баяндама жасады.
Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінен арнайы келген ресейлік әріптестер, психология ғылымдарының докторы, профессор М.В. Григорьева Болон процесі контексінде психологиялық-педагогикалық білім беруді дамыту бойынша ұсыныстарын айтса, педагогикалық психология және психодиагностика кафедрасының доценті, пед.ғ.к., доцент Л.Е. Тарасова қос дипломды білім беру кезіндегі педагогикалық қызметті психологиялық қамтамасыз ету мәселелері аясында сөз қозғады.
Осыған дейін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті (СМУ) арасындағы қосдипломды білім беру саласындағы инновациалық-білім беру консорциум кұру туралы келісімді орындау мақсатында және университеттер арасындағы қос дипломды білім берудің екі бағыты (филология /бакалавриат пен магистратура/ және психологиялық-педагогикалық білім беру /магистратура/) бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінде (Ресей Федерациясы) аралығында болып, екі жоғары оқу орны арасында келісімге қол қойылған болатын.
Р.Б. Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу