8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Маусым 2019 2197 0
Қалалықтар қаперіне

ҚОС ДЕПАРТАМЕНТ БІРІГУ ЖОЛЫМЕН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қос комитеті – Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация комитеттері қосылып, қайта ұйымдастырылып, жаңа атау алды. Соған сәйкес облыстық департаменттер де біріктіріліп, қайта ұйымдастырылып, әділет басқармасында қайта тіркелуде.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.04.2019 ж. №177 «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі оларды «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылғандықтан, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – оларды қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды. Қайта ұйымдасытырылған облыстық департаменттің басшысы – Ринат Әминұлы Құбатаев.

Департамент халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, халыққа өткізілетін өнімдер бойынша техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын, медициналық қызметтердің сапасын бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы стандарттар саласындағы өкілеттіктерден басқа облыс аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы  құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
94 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»