8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2021 2188 0
Жалын

ОРАЛДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Республикалық ғылыми жобалар байқауында 750 жас зерттеушінің авторлығымен 576 ғылыми жоба ұсынылды.  Оның ішінде Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының екі жобасы үздік деп танылды.⠀

Беделді сайыстың жеңімпазы атанған 9-сынып оқушысы Айнамкөз Рафихова үстел ойындарының маңызын зерделей келе «Зерек» ойынын құрастырған. Үстел ойынының шарттары жеңіл, түрлі бонустарының қамтылуы да қатысушыны өзіне елітеді. Ойыншыға көмекке Желаяқ, Көлтауысар секілді ертегі кейіпкерлері де келеді. ⠀

–  Ойынның техникалық сипатына өнер пәні жауап берсе, ішкі мазмұны қазақ әдебиетінің еншісіне тиді. Үстел ойынының интеллектуалды пайдасымен қоса психологиялық тұрғыда оң әсерін байқадым, –  дейді ол.⠀

Ал осы мектептің 10-сынып оқушылары Азиза Ташимова мен Әнел Әкімнің ізденіс тақырыбына Күнбатыс Алашорда қайраткерлері –  Халел Досмұхамедов, Дәулетше Күсепқалиев, Мәжит Шомбалов, Ахмет Мәметов сынды қазақтан шыққан алғашқы жоғары білімді дәрігерлер арқау болды. Жас зерттеушілер алғашқы дәрігерлер мұраларының маңыздылығын талдап, олардың ұлт денсаулығын сақтаудағы рөліне баға берген. Оралдық қос зияткердің бұл ғылыми жобасы үздік үштікке кірді. Оқушылар қайраткерлердің өмір жолы туралы сайт та жасақтапты.⠀

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
82 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
213 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
197 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»