Оралдық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция мүшелері Батыс Қазақстан облысына сапары аясында креативті және белсенді жастармен кездесті. Делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды. Кездесуге Мәжіліс депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық сектор мен сарапшылар қауымдастығы қатысты.
Өңірдегі жастар бірлестіктері, креативті индустрия өкілдері, волонтерлік қозғалыс, медиа және қоғамдық ұйымдармен өткен әңгіме барысында жоба нормаларының басым бөлігі дәл бүгінгі жастарға арналғаны ерекше атап өтілді.
Аида Балаева қолданыстағы Конституция өзінің тарихи миссиясын орындағанын, ал жаңа Конституция білімге, ғылымға, мәдениетке және инновацияға негізделген жаңа даму моделіне көшуге бағытталғанын айтты.
«Президент елдің ұзақмерзімді бәсекеге қабілеттілігін ғылымды, технологияны және білімді ілгерілету арқылы қамтамасыз етуді стратегиялық міндет ретінде айқындап отыр. Өйткені шынайы табысты мемлекет – бұл интеллектуалдық әлеуеті мықты, мәдениеті жоғары, жаңаша ойлайтын ұлт. Бұл үдерісте сіздердің рөлдеріңіз аса маңызды. Сондықтан конституциялық бастамаларда ғылым мен білімге қатысты негізгі қағидаттардың – ғылыми шығармашылық еркіндігінің, ғалым мәртебесінің, білімнің адам мен азаматтың ажырамас құқығы ретінде танылуының бекітілуі стратегиялық мәнге ие. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы мемлекеттің ұзақмерзімді жауапкершілігі, ұлт сапасына, адами капиталдың қуатына және елдің зияткерлік әлеуетіне бағытталған жүйелі инвестиция», – деді вице-премьер.
Сонымен қатар Аида Балаева цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде Конституция жобасында алғаш рет цифрлық қауіпсіздікке, дербес деректерді қорғауға және интернет-алаяқтыққа қарсы нормалар бекітілгенін тілге тиек етті.
«Жаңа Конституция жобасында Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы зияткерлік меншікті қорғау мәселесі де көрініс тапты. Бұл норманы Ата заң деңгейінде бекіту – креативті индустрияны дербес әрі экономикалық маңызы бар сала ретінде қарастырудың айқын дәлелі. Өнер, ғылым, цифрлық технологиялар, дизайн, медиа және мәдени контент саласында қызмет ететін жастар үшін бұл құқықтық кепілдіктердің күшейгенін білдіреді», – деді А.Балаева.
Жиында «Ассамблея жастары» жастар қанаты жетекшісінің орынбасары Залина Алиева сөз сөйлеп, референдумға қатысты жастардың ұстанымын жеткізсе,
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Әділет Орынбасаров саналы таңдау ақпаратқа деген сенім мен белсенді азаматтық ұстанымнан басталатынын айтты.
Отырыста өзге спикерлер де Ата заңды уақыт талабына сай жаңартуды қолдады.
Кездесу соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды. 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға жастардың белсенді қатысуының маңызы сөз болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты
БҚО-да көші-қон қызметі 76 жастағы қарияға тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Аида Балаева: Конституцияға қатысты фейктер тарап, тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер жасалуда
Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»

Кіру