8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2021 1530 0
Қоғам

ОРАЛДЫҚТАР ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Орал қаласында санитарлық-экологиялық айлық шарасы басталды. 1 сәуірден бастап жарияланған тазалық іс-шарасы екі айға, яғни 1 маусымға дейін жалғасады. Айлықтың алғашқы күнінде облыс әкімі Ғали Есқалиев пен қала әкімі Абат Шыныбеков бастаған әкімдік мамандары Жұбан тынымбағында сенбілік жүргізді. Демалыс орнын тазартып, қалдықтарды жинап, ортақ іске жұмыла кірісті.

Қала әкімі Абат Шыныбеков екі айға жарияланған сенбілік маусымының басты мақсаты – қаламызды қысқы қалдықтардан арылту, жазғы маусымға сай келбетін қалыптастыру. Аулалар мен көшелердің, тынымбақтар мен саябақтардың, өзен жағалауларының тазалығын қамтамасыз ету.

– Орал шаһары – жасыл әрі таза өлке. Сондықтан жасыл қаламыздың тазалығын сақтауға барлық тұрғындарды жұмылдыруымыз керек. Нәтижесінде өзіміздің жайлы демалысымызға жағдай жасаймыз. Сенбілік іс-шаралары барысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталады. Сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру – коммуналдық мекеме қызметкерлері мен жауапты ұжымдардың ғана міндеті емес. Ортақ мүддені көздейтін санитарлық-экологиялық айлыққа барша оралдықтар үлес қосып, өз үйлері мен аулаларының аумағын түрлі қоқыс-қалдықтардан арылтқаны дұрыс, – деді А.Шыныбеков.

Облыс орталығы 20 учаскеге бөлініп, сәйкесінше әрқайсысына жауапты мекемелер, қалалық бөлімдер, әкімдіктер бекітілген. Әр аймақтағы бизнес нысандарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке тұрғындардың апта сайын сенбіліктерге шығып, өз иеліктеріндегі аумақтарда тазалық шараларын өткізуіне көмектеседі.

Құрамына тиісті құзырлы органдардың өкілдері кіретін арнайы штаб екі айлық сенбіліктер барысында апталық қорытынды жасап отырады. Күн райы жылынған соң негізгі көшелердегі ғимараттардың қасбеттерін жөндеу, әрлеу, әктеу, жасыл желектерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»