8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2021 1973 0
Қоғам

ОРАЛДЫҚТАР ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЛАРЫН ҚОҚЫС-ҚАЛДЫҚТАРДАН АРЫЛТТЫ

Бүгін, 15 мамыр күні Орал қаласында «Таза жағалау» акциясы өтті. Акция аясында басқармалар мен қалалық құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері шаһар аумағында орналасқан өзендердің айналасын қоқыс-қалдықтардан тазалады. 12 аумақта өткізілен акция аясында жалпы 159 тонна  көлемінде  қоқыс шығарылды. 

Көктем келісімен көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны хақ. Өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай, жағалауларды ластап кетеді. Осы орайда  санитарлық-экологиялық екі айлығы аясындағы кезекті  сенбілік өзендердің жағалауларын тазалауға арналды. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер ұйымшылдықпен атсалысып, белсенділік танытты.

– Зашаған, Деркөл, Круглоозерный кенттері мен Желаев ауылы және қалада – жалпы 12  аумақта ұйымдастырылды. Аталған акция қаладағы өзен-көлдердің аумағын қоқыс қалдықтарынан арылту мақсатында өтуде. Әрі мұндай шара шаһардың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, –  дейді  қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолашылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі Абылай Нұрмақов.

Өкінішке орай, жиналған қоқыстың көп бөлігі пластикалық бөтелкелер мен шыны ыдыстардан тұрды. От жағылған орындар да жиі көзге  түседі. Акцияға қатысушылар «демалушылар қоршаған ортаның тазалығын ойлайтын болса, осыншама қоқыс болмас еді» деген қынжылыстарын білдірді.

Жалпы 600-ден астам  адам жағадауларды тазалауға жұмылды.  Оладың  күшімен 159 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Айта кетейік,   Орал қаласы әкімінің қаулысына сәйкес санитарлық-экологиялық екі айлығы  1 маусымға дейін жалғасады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
102 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
161 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
225 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
260 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»