Оралдықтар көк байрақты балконда желбіретті
Балконға Ту ілу туралы челленджді оралдықтар да қызу қолдады. Қала тұрғындары көк байрақты балконына іліп, өзгелерге үлгі көрсетті. Орал қаласының тұрғыны Тиышбай Тұртаев бірнеше жыл бойы шаңырағының төрінде ілулі тұрған көк тудың орнын бүгін ауыстырды. Келіншегімен бірге көк байрақты өзі тұратын үйдің ең көрнекті жеріне іліп қойды. Желмен желбіреген көк ту алыстан көз тартып әдемі көрінеді. – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев іссапарға шыққан кезде, әлемдік додаларда біздің чемпиондарымыз ел намысын қорғаған кезде біздің көк Туымыз көтерілетін еді. Енді жұмыстан шаршап келе жатқан кезде өзіміздің балконымыздан көк туымызды көріп, бойымызды мақтаныш сезімі кернеп, қазақ елінің азаматы екенімізді сезіне түсеміз,- дейді Орал қаласының тұрғыны Тиышбай Тұртаев. Бұл бастаманы басқа қалалықтар да қолдап әкетті. Жүрек төрінен жол тапқан ұсынысты қолдаған Жадыра дүкеннен туды арнайы сатып алып, үтіктеп, қыртысын жазып, үйдің ең жоғары қабатында желбіретіп қойды. – Жолдасыммен Түркия елінде болдым. Анталияда әрбір үйдің, тіпті автокөліктің, таксилердің ішінде тулар ілулі тұрады. Кеше инстаграм желісінен естіп, өзімнің үйімнің қылтимасынан ілуге бекем болып отырмын,- дейді жерлесіміз
Жадыра Барақова. Жастар да осы бастаманы қолдайды.
Әлеуметтік желі қолданушыларының Республика күніне құрметі ретінде мемлекеттік рәмізіміз – көк байрақты балконға ілу туралы челленджді оралдықтар осылай қабыл алды.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу