ОРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ӨЗ ЕСЕБІНЕН СПОРТ КЕШЕНІН САЛУДА
Бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуға ниет еткен оралдық кәсіпкер жеке қаражаты есебінен спорт кешенін салуда. Сәтін салса, жаңа нысан тамыздың үшінші жексенбісіне сай келетін спортшылар күніне орай есігін айқара ашпақ.

Төлеген Досболатов – грек-рим күресінің балуаны, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевтың шәкірті. Арманы – Оралдың жеткіншектерінен олимпиада чемпионын тәрбиелеу. Осы арманымен грек-рим күресіне арналған жаттығу залын ашуды мақсат еткен. Даму келешегі зор қаланың солтүстік-шығыс ауданынан жер алып, өткен жылдың жазында өзі ойлаған спорт кешенінің құрылысын бастаған. Спорттық залда грек-рим күресінен жаттығу өткізуге басымдық берілмек. Сондай-ақ аумағы 35х17 метр болатын футбол, волейбол, баскетбол ойындарына арналған зал бар. Қазірдің өзінде оған жасанды көгал төселіп, жалпы құрылыс жұмыстарының 90 пайызы тәмамдалған. Әрқайсысы 50 адамдық киім ауыстыру бөлмесі, душ бөлмесі бар. Жаттығушылардың жеке заттары мен киімдері үшін құлыпталатын сөрелер қойылған.

– Коммуникациялық желілерді тарту ғана қалды. Оның да ақысы төлеулі тұр. Күннің ыстығы бәсеңдесе, оны да лезде атқарамыз. Отандық материалдарды қолдануға тырыстым. Бірқатарын Оралдан алсам, кейбірін Ақтөбеден, Алматыдан алдырттым. Көп кешікпей ашып, жаттығуларды бастаймыз. Бір күнде 100 шақты спортшының жаттығуына мүмкіндік болады, – дейді кәсіпкер.
950 шаршы метр аумақты алып жатқан спорт кешені құрылысына кәсіпкер 90 млн. теңге жұмсаған.


Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашаға белгіленді
Новый исследовательский реактор: инвестиция в технологии, кадры и будущее атомной науки
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
Как Казахстан защищает радиоактивные материалы от диверсий и хищений!
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Жаңа Конституция Қазақстанның сот жүйесі тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған
14 жасында әлемдік әдебиет сахнасында: ағайынды Айтқалиевтер Франкфуртта өз кітаптарын таныстырды
Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
Ерлан Кошанов: наша задача – вовремя слышать и чувствовать настроения людей
Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті

Кіру
Пікір үстеу