ОРАЛДЫҚ ӘЙЕЛ ЕРЕКШЕ ЕГІЗДЕРДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ
Оралдық әйел ерекше егіздерді дүниеге әкелді. Екі бала екі жарым ай айырмашылықпен жарық дүние есігін ашты.

Сергей мен Лилия Коноваловтардың шаңырағында енді үш бала – үлкен қызы Алина және Лия мен Максим атты егіздер.
Анықталғандай, анасының ағзасында дүниеге келгеннен-ақ анатомиялық ерекшелік болған, яғни Лилияда екі жатыр болыпты. Лилия мұны 19 жасында профилактикалық тексеру кезінде кездейсоқ білген. Сол кезде дәрігерлер бала көтеруде мәселе туындауы мүмкін екенін ескерткен. Бірақ, Лилияның осыдан жеті жыл бұрынғы жүктілігі еш ерекшеліксіз өтіп, мерзімі жеткенде тұңғыш қызын дүниеге әкелген.
Жас әйелдің табиғи ерекшелігі екінші жүктілікте байқалды. Ол егіз көтеріп жүргенін білген. Алайда, екі бала екі жатырда дамыған екен. Жүктілік кезеңі ауытқусыз өтті. Жас ана ұдайы емханада бақылауда болған.
– Жүктіліктің 25-ші аптасында ана бізге Перинаталдық орталыққа толғақпен түсті. Мерзімінен бұрын 850 грамм салмақпен қыз бала дүниеге келді. Біз жүктілікті ұзартып, екінші баланы сақтап қалу туралы шешім қабылдадық, – дейді Перинаталдық орталық директорының орынбасары Есет Ералин.
Екінші бала араға екі жарым ай салып, өз уақытында жарық дүние есігін ашты. Ұл баланың салмағы – 2,8 келі. Қазіргі уақытта жас ана үйге шығуға дайындалуда. Балғындардың жағдайы жақсы.
– Барлық дәрігерлерге және медициналық қызметкерлерге алғысымды айтамын. Кәсіби біліктілікпен көмек көрсеткендерінің арқасында аман-есен қос баламды дүниеге әкелдім. Қызым 24 мамырда, ұлым 9 тамызда туылды. Осы екі аралықта мен дәрігерлердің бақылауында болдым, – дейді жас ана.
Орталық директорының орынбасары Есет Ералиннің айтуынша, бұл оның дәрігерлік тәжірибесіндегі алғашқы жағдай. Тіптен Қазақстан бойынша да дәл осындай патологияда алғаш рет дүниеге сау балалар келген.
– Медицинада мұндай анатомиялық ерекшелікпен босану жағдайы 50 миллион туылуда бір кездеседі. Мұндайда бала көтеру де қиындау. Ал біздің супер анамыз дені сау қос нәрестені дүниеге әкелді. Сәтті болғаны үшін біз де өте қуаныштымыз, – дейді Есет Ғабитұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу