ОРАЛДА ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ҮШІН 100 ЖАҢА АВТОБУС АЛЫНАДЫ
Бүгін, 16 ақпан күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков халықпен онлайн есептік кездесуде биыл қала көшелерін жөндеу жұмысы бойынша жоспарланған жобаларға және автобус паркінің жаңартылуына тоқталды.

Кейінгі жылдары Орал қаласында жолдардың жағдайын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы 65 шақырымды құрайтын 55 көшенің жолы жөнделді. Былтырдан жалғасқан 13 объект бойынша, яғни барлығы 16,7 км жолды жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Мұның ішінде Деркөл кентіндегі Сарыарқа шағын ауданы мен Зашаған кентіндегі Сарытау шағын ауданына жол салу жұмыстары да бар. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 44 шақырым болатын 33 көшені күрделі жөндеуден өткізу үшін құжаттамалары дайындалуда.
Қалада 29 қалаішілік, алты қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын және 10 саяжай бағыты бойынша маршруттар бар. Өз баяндамасында қала әкімі биыл автобус паркін жаңарту назарда екенін атап өтті.
– Биыл жеке инвестициялар есебінен, тиісті мемлекеттік қолдаудың көмегімен қаланың автобус паркін жаңарту мақсатында 100 шақты жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, барлық қалалық маршруттарда тарифтерді электронды жинау жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталды, – деді Абат Абайұлы.

zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу