ОРАЛДА ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН ҮШ ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛАДЫ
Биыл Орал қаласында инвестиция есебінен екі мектеп құрылысы басталып, үш жаңа балабақша іске қосылмақ. Бұл туралы бүгін, 16 ақпан күні халықпен онлайн есептік кездесуде қала әкімі Абат Шыныбеков мәлім етті.

Мемлекет қолдауының нәтижесінде балалардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік қарастырылуда. Шаһардағы мектеп құрылыстары орта білім беру жүйесіндегі үш ауысымдық оқу үрдісін шешуге оң ықпал етуде. Жаңа мектеп ғимараттарын салу арқылы былтыр үш ауысымдық мектептердің саны 5-тен 3-ке қысқарды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады.
– «Ет комбинаты» ауданында орналасқан №33 мектеп ғимаратының құрылысын аяқтап, Меловые горки елді мекенінде №18 мектептің жаңа ғимаратын салуды бастаймыз. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен апатты жағдайдағы №31 мектептің орнына жаңа мектеп және Зашаған кентінде №52 мектептің құрылысы басталмақ. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту үшін алдағы уақытта барлығы жеке инвестициялар есебінен 340 орынға 3 жаңа балабақша іске қосылмақ. Олар Зашаған, Круглоозерный кенттері мен қаланың Солтүстік-Шығыс ауданын қамтитын болады, – деді Абат Абайұлы.

zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу