ОРАЛДА ҮЗДІК АВТОНҰСҚАУШЫ АНЫҚТАЛДЫ
Орал қаласында автомектептердің көлік жүргізуді үйретуші шеберлері арасында «Үздік автонұсқаушы» кәсіби байқауы ұйымдастырылды. Оған 8 автомектептің мұғалімдері қатысты.

БҚО ПД жергілікті полиция қызметінің тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, полиция капитаны Алмат Ысқақовтың айтуынша, әдетте жол қозғалыс ережелері бойынша емтихан кезінде үміткерлердің бірінші кезекте дұрыс жауап берулеріне, одан кейін уақытына мән беріледі. Ал бұл байқау кәсібилер арасында болғандықтан, бәрі де дұрыс жауап берді. Сондықтан тест түрінде ұсынылған тапсырмаларды орындау уақыттары назарға алынған.
Нәтиже бойынша «Тілек» автомектебінде сабақ беретін нұсқаушы Андрей Клонюк үздік шықты. Екінші орынды «Орал» автомектебінен Игорь Красников, үшінші орынды «Оқу-кәсіби комбинаты» автомектебінің мұғалімі Максим Сабыров иемденді.

Орал қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің жол қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Абдулқалықова болашақта осы байқауға қатысқан нұсқаушылардың курсанттары арасында осы сынды байқау ұйымдастырылмақ.
– Егер маман сұрақтарға дұрыс жауап бергенімен, шәкірттері жол қозғалысы ережелері бойынша сол деңгейді көрсете алмаса, демек мұғалімнің сабақ беру әдісін қайтадан қарау керектігін көрсетеді. Сол себепті жоспарға қойып отырмыз. Ауа райы қолайлы кезеңде курсанттардың көлік құралын жүргізуі де сыналатын болады. Яғни олар жүргізушілік біліктіліктерін, «артпен жүру», «айналма қозғалыс» сынды элементтерді көрсететін болады, – деді Д.Абдулқалықова.

Айта кету керек, 2018 жылы 27 197 жүргізушілік куәлігі берілген. Олардың 5 827-сі алғаш рет куәлік алғандар. Электронды үкімет порталы арқылы 400 адам жүргізу куәлігін алған. Ал биыл 2 952 азамат куәлік алса, олардың 361-і бірінші рет жүргізу куәлігін алғандар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу