ОРАЛДАҒЫ «ЖАСТАР» СТАДИОНЫ ҚЫЗМЕТІН ЖАНДАНДЫРДЫ
Бүгін, 7 қаңтар күні «Жастар» стадионындағы мұз айдыны ашылып, көпшілік сырғанау ұйымдастырылды. Мұз айдынының ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров жиналғандарды құттықтап, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін өңірде атқарылып жатқан шараларды атады.


Бұған дейін сенімгерлік басқаруда болған «Жастар» стадионы мемлекет меншігіне кері тапсырылды. Қар басқан стадион аумағы толықтай тазартылып, мұз құйылып, қалалықтардың қызықты демалысы және допты хоккей спортшыларының дайындығы үшін қолайлы жағдай жасалды. Стадион енді облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің теңгерімінде.
– Бізге 2020 жылдың 28 желтоқсанында кері берілді. Қалың қарды тазалауға көп күш жұмсалды. «Жайық таза қала» мекемесінің жұмысшыларын көмекке алдық. Осылайша, жаттығу процестеріне мұз айдынын дайындадық. Сенімгерлік басқаруға алған компаниямен арадағы болған кикілжің тоңазытқыштарға байланысты туындағаны баршаға мәлім. Аяз түспей тұрып, яғни қараша айында тоңазытқыштың температурасын қыздыру процедурасы жүргізілуі керек еді. Бұл дайындық жұмыстары жүргізілмеген. Сол себепті қиындық туындауда. Алдағы уақытта кемшіліктер болмайды деп ойлаймыз, – дейді облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Асхат Шайхиев.
Стадион аумағы жарықтандырылған, конькилерді жалға беру орны жұмыс жасайды. Оралдықтар көптен күткен стадионның ашылуына орай бүгін баршаға кешкі 23.00-ге дейін тегін сырғанауға мүмкіндік берілді.
Қала бойынша бүгінде 40-тан аса алаңға мұз айдыны дайындалып, 10 шақты шаңғы тебу орны ұйымдастырылған. Жақын күндері Зашаған кенті Мөңкеұлы көшесінде тынымбақта мұз айдыны ашылады деп күтілуде.
Айта кетейік, «Жастар» стадион өткен жылдың көктемінде «Айғаным» ЖК-не сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Алайда, кәсіпкер желтоқсан айында жұмысты тоқтатып, кері тапсыру туралы шешім қабылдаған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу