8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Шілде 2020 1807 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ ҮШ МЕКТЕП «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» АРҚЫЛЫ ЖАҢАРУДА

 Оралдағы №45 орта мектеп «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы күрделі жөндеуден өтуде.

№45 орта мектептің ғимараты өткен ғасырдың 40 жылдары салынған. Соғыс жылдары  бұл ғимаратта әскери госпиталь болса, кейін темір жол мектебі болған. 2003 жылдан бастап нысан қалалық білім бөліміне беріліп, №45 мектеп жұмысын бастады. Білім ұясының директоры Ләззат Сағынғалиеваның мәліметінше, салынғалы бері ғимаратқа күрделі жөндеу жасалмаған. Нысанның жобалық қуаты 500 орындық, бүгінгі күні 655 оқушы екі ауысыммен білім алуда.

– Мектебіміздің күрделі жөндеуден өтуін ұзақ күттік. Шатырдан су ағатын, салқын, жүйелер тозған. Кезекті жүргізіліп жүрген ағымдағы жөндеу жұмыстары ғимараттың техникалық жағдайын жақсартуға оң әсерін берген жоқ.  Мектебіміздің жаңартудан өтіп жатқанынан ұжыммен қатар ата-аналар, білім алушылар шексіз қуанышты. Бәріміз жарқыраған мектебімізге келетін күнді асыға күтудеміз, – деді Ләззат Тарасқызы.

Күрделі жөндеу жұмыстарын «БатысСтройИнвест» ЖШС жүргізуде. Жоба бойынша 4,5  айда аяқталуы тиіс. Учаске басшысы Валерий Дисенов мамырдың 10 жұлдызынан демонтаждау басталғанын жеткізді. Қазіргі уақытта шатырды жаңарту, ішкі және сыртқы сылау, терезелерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Тозған еден толықтай алынып тасталған. Құрылыс басында 96 жұмысшы бар. Оған қоса «Студенттік құрылыс жасағының» сарбаздары да көмек қолын созуда.

2450 шаршы метрлік екі қабатты мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына бағарлама аясында 500 млн. теңге бөлінген.

Айта кетейік бұған қоса, Орал шаһарындағы №21, 25 мектептер аталған бағдарлама арқылы күрделі жөндеуден өтуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»