ОРАЛДАҒЫ МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ ЖЕТІ ЖЫЛҒА ЖЕКЕ МЕНШІККЕ БАСҚАРУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін «Білім сапасы мен негізгі құндылықтар: жаңа идеялар және тәжірибелер» тақырыбында тікелей эфирде өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жаңа оқу жылындағы білім ұяларындағы ерекшеліктермен бөлісті.

Кеңес барысында қала әкімі биыл қаладағы мектептердің асханалары 7 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке меншік басқаруына берілетінін айтты.
– Бұл мектептердегі тамақтандыру сапасын арттыру оң әсерін тигізеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында асхананы заманға сәйкестендіруге, яғни цифрлық жүйені енгізуге, асхананың жабдықтарын жаңартуға мүмкіндік алып отырмыз. Сондай-ақ мектеп басшылығы да жыл сайынғы мемлекеттік сату жұмыстары ұйымдастыру-шаруашылық секілді қосымша жүктемеден босап, білім беру мен шығармашылық жұмыстарымен белсенді айналысатын болады, – деді Абат Абайұлы.
Әрине, қазіргі санитарлық талаптарға байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында мектеп асханалары жұмыс жасамайды. Бірақ, кәсіпкерлер қазіргі уақытта асханаларда жөндеу жүрігізіп, жаңа оқу жылына дайын отыр.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу