ОРАЛДАҒЫ ҒИМАРАТТАР МЕН КӨШЕЛЕРДІҢ ДИЗАЙН-КОДЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін, 16 ақпан күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков халықпен онлайн есептік кездесуде қаланы жарықтандыру және тұрғын үй кешенін жаңғырту жоспарымен бөлісті.

Орал қаласында ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып, қаланың көрнекті объектілерінің архитектуралық жарықтандыруын орнату жалғасуда. Осы орайда биыл қала көшелеріндегі жарық шамдары мүлдем жоқ көшелерге 5000 дана жарықшам орнату көзделуде. Бұдан бөлек Орал-Саратов тас жолынан Жәңгірхан көшесіне дейінгі Айтқұлов көшесін, Меловые горки бағытын, Депо көпірінен Алаш көшесіне дейінгі Әбілқайыр хан даңғылын жарықтандыру жұмыстарына жобалар жасақталуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерге жол салу және жөндеу үшін жасақтайтын жаңа жобаларда жарықтандыру жұмыстары қарастырылған.

– Абаттандыру ережелеріне сәйкес Орал қаласындағы ғимараттар мен көшелердің қасбет элементтерінің дизайн кодын жасадық. Оның болуы қаланы біртектес, дәйекті және түсінікті етеді. Құрылыс қасбеттері, тақтайшалары мен белгілері бірдей стильде үйлесімді болады және қатаң белгіленген орындарға орналастырылады. Қазіргі уақытта Назарбаев даңғылының дизайн коды дайын, біз жұмысқа кірісеміз. Біз бұл процесті кәсіпкерлермен, меншік иелерімен және қала тұрғындарымен бірге жүзеге асырамыз, – деді Абат Абайұлы.
Қалада тұрғын үй кешенін жаңғырту жалғасады. Биыл он тоғыз нысан жаңартылып, бес лифт ауыстырылады деп күтілуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу