8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2020 1571 0
Өзек

ОРАЛДАҒЫ «ЕСКІ ӘУЕЖАЙ» АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ҮЙ ТОНАЛДЫ

Қараша айында  бұл ауданда пәтер ұрлығы өршіген. Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің  мәліметінше, күдікті әуелі  шамы жанбай тұрған, ауласында қабаған алыпсоқтары жоқ үйлерді басты нысанаға алған.

Ол көбіне сағат 17.00 мен 23.00 аралығын пайдаланып, үйге ұрлыққа түскен. Үйлердің пластик терезелерін ішке қарай күштеп итеріп ашып, үй ішінен қалың, бағалы құндыз тондар, компьютер, ноутбуктер және бағалы жеке мүліктерді ұрлаған. Кейбір үй иесіне 1 миллион 500 мың теңгеге дейін материалдық залал келді.

Полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған, қолы епті, қимылы тез, ширақ қозғалатын күдіктіні жуықта өз үйінен құрықтады. Ұрлаған жеке мүліктерді өз үйінің ішкі бөлмелеріне жинап, жасырған.

Басқармаға жеткен соң, 1995 жылғы П. есімді азамат үйлерді тонағанын толықтай мойындады. Ол қарашаның соңғы күндерінен, желтоқсанның екісіне дейін ұрлық жасаған болып шықты.

Қазір 8 ұрлық оқиғасы тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген жеке мүліктер иелеріне қайтарылуда.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
69 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
105 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
201 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»