8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2019 1774 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» 137 ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Орал қаласында «Ашық әкімдік» шарасы өтіп, шаһар басшысы Мұрат Мұқаев, қала әкімінің орынбасарлары мен қалалық бөлімдердің және коммуналдық мекемелердің басшылары және құқық қорғау саласы өкілдері тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін тыңдады.

Бүгінде халық пен мемлекеттік органдардың байланысын жақындата түскен ашық алаң ай сайын ұйымдастырылуда. Бүгінгі ашық алаңға 137 азамат келді. 71-i өздерін толғандырған мәселелерімен қала әкіміне жолықты. Азаматтардың сұрақтарының  дені әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен баспана, жер телімін алуға қатысты болды. Қазіргі уақытта қала бойынша жер телімін алу үшін 72 мыңдай азамат кезекте, ал үй кезегіне тұрғандар саны 19 500-ге жеткен.

Мұрат Рахметұлы азаматтардың мәселелерін жіті тыңдап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, сондай-ақ кейбір мәселелерді бірлесе шешу жөнінде ұсыныс-кеңесін берді.

Бұл күні  «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ кеңесшілері де шараға қатысып, тұрғындарға баспанаға қол жеткізу бағдарламаларының шарттарын түсіндірді.

 

 

Эльмира НҰҒМАНОВА 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
122 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
218 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
199 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»