8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қаңтар 2020 1647 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАҒЫ АПАТТЫ МЕКТЕПТІ БҰЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Оралда апатты деп танылған №33 ЖБОМ мектебін бұзу жұмыстары басталды.

Құрылысқа жауапты учаске басшысы Кенжебай Бектілеуовтың айтуынша, ескі мектептің орнын тазалау жұмыстары көп ұзамай аяқталады. Бүгінгі жұмыстардың өзіне 30-ға жуық жұмысшы тартылған. Аталмыш білім ошағы өткен жылдың өзінде апатты деп танылып, білім алушылар осы аудандағы қос мектепке көшірілген еді. Өткен ғасырдың 30 жылдары салынған нысанды осыдан бір жыл бұрын аралап көрген халық қалаулылары да жарамсыз екеніне көз жеткізгені аян. Сол уақыттан бері қаржыландыру тетіктері қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігер құрылыс компаниясы анықталды. Бүгінде ескі ғимаратты бұзу жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Күні бүгін ескі ғимараттың спорт залын сүру ғана қалған.

Су жаңа мектептің құрылыс жұмысы наурыз айында басталады деп күтілуде. Ол кезде жұмысшылар қатары да артады дейді сала мамандары. Жобаның негізгі құны 1 млрд. 165 млн. теңге. 300 орындық жаңа мектеп құрылысы 14 ай ішінде аяқталуы тиіс.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»