ОРАЛДАҒЫ АБАЙ АЛАҢЫНА АҚЫННЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН ТАҚТА ТАСТАР ОРНАТЫЛАДЫ
Бұл туралы атаулы даталарға дайындық жоспары пысықталған жиында айтылды. Басқосуға Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков және Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлері, тарихшы-ғалымдар, ақын-жазушылардан құралған жұмыс тобы қатысты.

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиевтің мәліметінше, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай және әлемдік өркениет” атты ғылыми тәжірибелік конференция өтетін болады. Абай шығармаларын дәріптеуге арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырылады. Бұл шараға арнайы қонақ ретінде Абай әндерін орындаушы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали шақырылмақ.Ұлы ақынның мерейтойын атап өту аясында Абай алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу, ақынның нақыл сөздері мен өлеңдері жазылғын тақта тастарын орнату және орталықтандырылған қалалық кітапханадан «Абай залын» ашу жұмыстары қолға алынбақ.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 -1904 жылдар аралығында өмір сүрген ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Шешесі Ұлжан рта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу