ОРАЛДАҒЫ 5517 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ 500-ГЕ ЖУЫҚ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРІ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
Бүгін Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы тіл айлығының «Тілге құрмет – елге құрмет» атты акциясы аясында қазақтын ақыны, ағартушы, ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін салушы Абай Кұнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Абай -халық жүрегінде» атты жалпы республикалық ашық диктантқа қатысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтановтың мәліметінше, акцияның мақсаты – қазақ әліпбиін насихаттау және жазу дағдысын қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып өздерінің қазақ тілінде жазу сауаттылығын байқау. Айтулы, шараға ұлттық ұланның 500-ге жуық әскери қызметкері бірнеше топқа бөлініп қатысты. Олар арнайы белгіленген сыныптар мен әскери саптық алаңында арнайы мәтінді ауызша және аудиосын тыңдау арқылы жазды.
-Жалпы республикалық диктантқа біздің 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері белсенді қатысты. Акция әскердегі жауынгерлік қызметке кедергі келтірген жоқ. Шараның мақсаты–ұлттық ұланның жауынгерлері қазақ әліппесін қаншалықты меңгергендерін бағалау. Қатысушыларға баға қойылмайды. Оларды «нашар жаздың» немесе «үздік» баға алдың деп бөлмейміз. Біздің көздеп отырған мақсатымыз– қоғамымызда халықты ұйыстырушы фактор – мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, – дейді шараны ұйымдастырушы 5517 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімшесінің бастығы мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға офицері, майор Алмагүл Жұмабекова.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу