ОРАЛДАҒЫ 18 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢ КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫ БҰЗҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Оралда карантиндік шектеулерге қарамастан той ұйымдастырған кафелер анықталды. Сондай-ақ белгіленген шекті уақыттан кейін келушілерге қызмет көрсеткен кәсіпкерлік нысандары да бар. 25 және 26 шілде күндері Орал қаласы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг топ шектеулерді бұзған нысандар бойынша бейне-фото түсірілім жасап, тиісті органдарға тапсырды.

Атап айтқанда, 25 шілде күні Деркөл кентідегі «Гәкку» кафесі шамамен 100 адамның қатысуымен мереке ұйымдастырған. Ал «Жұлдыз» шағынауданындағы сыра бары кешкі сағат 22.00-ден кейін келушілерді қабылдаса, Жәңгірхан көшесіндегі автожуу және «Абзал» дөңгелек жөндеу орталығы сағат 17.00-ден кейін қызмет көрсеткен. Сондай-ақ Құрманғазы көшесіндегі «Гүлдер» дүкені, Согласия көшесіндегі алкомаркет, «У Тимошки» дүкені, Гагарин көшесіндегі «Донай» дүкендері сағат 22.00-ден кейін жұмыс жасаған. Қызылжар көшесіндегі «Bear» жазғы кафесінде келушілердің болғаны және олардың ішімдік ішкені бейнеге жазылды.
26 шілде күні Самал көшесіндегі «Жасмин» банкет залының шамамен 100 адамға көпшілік іс-шара ұйымдастырғаны бейнеге түсірілді. Молодежная көшесінде орналасқан «Арыстан» кешеніндегі банкеттік залда да 100 шақты адам үшін дастархан дайындалып, мереке ұйымдастырылған. Еуразия даңғылындағы «Айдана» кафесінің, Махамбет ақын көшесіндегі «Әсел» дүкені мен «Алтынай» мейрамханасы, Астана шағынауданындағы «BeerKing» дүкені, Құрманғазы көшесіндегі «Сания» дүкенінің де карантиндік шектеулерді елемегені белгілі болды. Қоғамдық монша, сауналардың қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, Вагонная көшесіндегі «Акватория» саунасының жұмыс жасағаны анықталды. Жәңгір хан көшесіндегі техникалық қызмет көрсету орталығы белгіленген талапқа бағынбай, кешкі сағат 17.00-ден кейін қызметін жалғастырған.
Барлық бұзушылықтар бойынша дәлелді бейне, фото түсірілім жасалып, мониторингтік топтың шақыртуымен оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне және Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасына ұсынылып отыр.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу